- Шартарап
- 23 Ақпан, 2021
Польшада тікұшақ құлады

23 ақпанға қараған түні Польшаның оңтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырады.
Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.
Bell 429 типті жеке тікұшақпен төрт адам сапар шеккен. Тікұшақтың алдында отырған екі ер адам оқиға орнында қаза тапты.
Зардап шеккендердің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Тікұшақ жолдан шамамен 100-200 метр қашықтықтағы орман алқабына құлаған.
Оқиға орнында сегіз құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жергілікті полиция мен прокурорлар жеке тергеу жұмыстарын бастап кетті.

170 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *