Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Ақпан, 2021

Президент баспана мәселесін қалай шешпек?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елімізде қолжетімді, сапалы тұрғын үйлер салынатынын айтты.

Президент үкіметтің қаңтардағы кеңейтілген отырысында тұрғын үй саясатын жетілдіру үшін жаңа ұсыныстарды енгізуді тапсырғанын айтты.

«Үкімет айтарлықтай тиімді ұсыныстар берді. Жалпы бұл ұсыныстарды қолдаймын. Дегенмен нарықтың өз ережесі бар. Нақты экономикалық факторларға байланысты құрылыс компаниялары қазір арзан үй салуға мүдделі емес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, осыған байланысты қолжетімді, сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен «off-take» келісім немесе алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Бұл елімізде қолжетімді, сапалы үйлер салуға мүмкіндік береді.

«Соған сәйкес тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасындағы бағамен сатып алынады. Мұндай тәсіл сынақ жобалары аясында алдын ала пысықталды. Енді мұны ел бойынша жүзеге асырған жөн. Бұл – қадам аз уақыттың ішінде құны қолжетімді жаңа тұрғын үйлер салуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді сөзін.

573 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз