Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 25 Ақпан, 2021

Уақытша жұмыс істемейтіндер саны екі есе артқан

Өндірістің тоқтап қалуы жұмыспен қамтылуды қиындата түскен: ірі және орта кәсіпорындардың тоқтап қалуға мәжбүр болуы себебінен уақытша жұмыс істемейтін қазақстандықтардың саны өткен жылы бірден екі есеге өскен. Уақытша жұмыс істемеуге мәжбүрлердің жартысы еліміздің үш аймағында ғана: Алматы қаласы, сондай-ақ Маңғыстау және Алматы облыстарында қоныстанғандар екен. Бұл туралы Finprom.kz өз сайтында жазады. 

2020 жылдың төртінші тоқ­санында елдегі орта және ірі кәсіпорындарда өндірістің тоқтап қалуына байланысты 7,5 мың адам – бұдан бір жыл бұрынғыға қарағанда 2 есе көбірек – жұмыс істемеген. Сонымен қатар, өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда өндірістегі іркі­ліс 1,5 есе қысқарса, негізгі каран­тиндік шектеулер үлесіне тиген, үшінші тоқсанда – 4,4 есе қысқарыпты.

Анықтама үшін айтар болсақ, «карантинге дейінгі» 2019 жылдың төртінші тоқсанында 3,8 мың адам елімізде жұмыссыз болған (1-инфографика).

    Аймақтарға бөлгенде уақытша барлық жұмыс істемейтіндердің жартысы Алматы қаласының, сондай-ақ Маңғыстау және Алматы облыстарының орта және ірі кәсіпорындарында жұмыста болғандар екен. Нақ осы жерлерде, кәсіпорындарының тоқтап қалуы салдарынан, жұмыс істеме­ген қызметкерлер санының не­ғұр­лым көбірек өсімі тіркелген. Мәселен, Алматыда соңғы жылда көрсеткіш 7,6 есе артса, яғни, 1,8 мың адамға дейін, Маңғыстау облысында – 5 есеге, 1,2 мың адамға, Алматы облысында – 4,4 есе, 813 адамға дейін артқан.

Уақытша жұмыс істемей­тіндердің барлық аймақтардағы өсіміне қарамастан, кейбір облыстар мұндай жағдайдан аман қалған. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында көрсеткіш­тің 62,6%-ға, 174 адамға дейін төмендегені, Түркістан облысында – 19%-ға, 459 адамға дейін, Шығыс Қазақстан облысында – 6,4%-ға, 393 адамға дейін төмен­депті (2-инфографика).

Салаларға бөліп қарастыр­ғанда, уақытша жұмыс істемеген қызметкерлердің жартысы өнер­кәсіптік секторға қатысты қызмет­керлер: 3,7 мың адам, бір жыл бұрынғыға қарағанда – 33,1%-ға қатысты адамдар. Қызметкерлердің тағы 22,9%-ы көлік пен қоймалау саласындағылар: 1,7 мың адам – бір жыл бұрынғыға қарағанда, бірден 49,2 есе көбірек. Құрылыс саласы да зардап шеккен: 643 адам, бір жылда минус 20,8% (3-инфографика).

Иса ҚАМБАР

1549 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *