Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 01 Наурыз, 2021

Бас бапкер Болгариядағы турнирге баға берді

Болгарияның София қаласында аяқталған халықаралық "Странджа" турнирінде бокстан Қазақстан әйелдер командасы бір алтын, екі күміс және бір қола иеленді. Бас бапкер Ерік Алғабек аталған турнирді қорытындылап, спортшылардың аяқ алысына өз бағасын берді. 

"Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Одан бөлек, біздің қыздарымыз көптен бері шетелдік жарыстарға қатыспаған соң, шаршы алаңды сағынып қалғанымыз көрініп тұрды. Жарысқа әлемнің 32 елінен тәжірибелі спортшылар жиналды. Біз де бірінші нөмірлі боксшыларымызды баптап апардық. Өздеріңіз білесіздер, Валентина Хальзова турнир жеңімпазы атанды. Бұл Валентинаның 2016 жылдан бергі алғашқы ірі жеңісі. Осы аралықта ол біраз үзіліс алып, бала күтіміне байланысты үйде отырған еді. Назым Қызайбай Болгария төрінде жақсы өнер көрсетті, бірақ оған төрешілер кедергі болды деп ойлаймын. Ангелина Лукас пен Владислава Кухта жарыс қожайындарынан жеңілді. Карина Ибрагимова да жаман жұдырықтасқан жоқ. Ал Надежда Рябец өте тәжірибелі америкалық боксшыдан ұтылды. Негізі, бұл жерде айқын жеңілді деп айтуға болмайды. Қазылардың жеңісті бізге де беретін жері еді. Дегенмен, бұл кезекті тәжірибе. Рябец Олимпиадаға баратын жалғыз спортшымыз. Сондықтан, оның дайындығы аса маңызды. Енді боксшы қыздар Түркияда өтетін халықаралық турнирге дайындалады", - дейді бас бапкер.

736 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз