Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 01 Наурыз, 2021

Руслан Мадиев WBO NABO белбеуіне таласады

Golden Boy промоутерлік компаниясымен жұмыс істейтін 28 жастағы қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (13-1, 5 КО) жуырда шаршы алаңға шығады.

Отандасымыз 4-наурыз күні 27 жастағы пуэрторикалық Даниэлито Соррильяа қарсы жекпе-жек өткізеді. Ол кәсіпқой бокста 14 кездесуде жеңіске жеткен. 11 рет қарсыластарын нокаутпен жеңген. Кездесу он раундқа жоспарланып отыр. Бұл айқаста бірінші жартылай орта салмақтағы WBO NABO белбеуі сарапқа салынады. 

Айта кетейік, Мәдиев соңғы рет шаршы алаңға 2019 жылдың шілде айында Карсон (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында шығып, төрешілердің шешімі бойынша филиппиндік боксшы Рикки Сисмундоны (35-14-3, 17 КО) жеңген еді.

967 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз