Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 01 Наурыз, 2021

Қырғызстанда Парламент сайлауы қашан өтеді?

Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады. Бұл жайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ҚазАқпаратқа берген сұхбатында мәлім етті. «Жақында жергілікті сайлау өтеді. Референдум өткізу белгіленді, оны біз де әділ өткіземіз. Күзде парламент сайлауы өтеді», - деді ол. 

Қазіргі депутаттық корпустың өкілеттік мерзімі өткен жылдың қазан айында аяқталды. Алайда, парламенттік сайлаудан кейін басталған наразылықтар олардың нәтижелерінің жойылуына, сондай-ақ президент Сооронбай Жээнбеков пен Үкіметтің отставкаға кетуіне әкелді. 

Нәтижесінде алдыңғы шақырылымдағы депутаттар өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастырған болатын. 

Өткен жылдың соңында олар «2021 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей» жаңа парламент сайлауын өткізуді көздейтін заң қабылдады.


 

 

737 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз