Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 02 Наурыз, 2021

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері бас қосты десек, оған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та арнайы қатысты.

Мерекелік шараға жиналғандар алдымен жүздеген этнос өкілдерін құшағына басқан қазақ халқының бауырмалдығын айшықтайтын «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды. Айта кету керек, салтанатты шаралар барысында барлық санитарлық талаптардың сақталуына аса мән берілді.

Аймақ басшысы өзінің құттықтау сөзінде Алғыс айту күні – бірлік, келісімнің және өзара сыйластықтың жарқын мерекесі екендігін айрықша атап өтті.

- Құрметті жерлестер, осыдан бес жыл бұрын Қазақстандағы түрлі ұлттардың өкілдерін бір шаңыраққа топтастырған сонау қиын кезеңдерді еске түсіретін тамаша мереке пайда болған еді. Ашаршылық, соғыс және репрессия жылдары біз бір нанды бөлісіп жеп, бір-біріміздің ұлтымызға қарамай достаса білдік. Тәуелсіздік жылдарында біз басты байлығымыз – бейбітшілігіміз бен ынтымағымызды одан әрі нығайта түстік. Ал бұл өз кезегінде еліміздің экономикалық дамуының негізі болып табылатын тұрақтылығымыздың кепілі болып табылады. Әрбір азамат ұлттар достығын нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Осы орайда мен Алғыс айту күні коронавирус пандемиясының қиын сәттерінде халыққа көрсеткен көмек-қолдауы үшін барлық этномәдени бірлестіктер мен облыс жастарына алғысымды білдіргім келеді. Осындай күрделі кезеңнен аман-есен өтуі үшін біздің бірлікте болуымыз аса маңызды. Облыс басшылығы атынан барша жамбылдықтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Барлық қуаныш пен қиындықта бір-бірімізге әрдайым демеу болып, елімізде және әр шаңырақта тыныштық орнап, береке-бірлігіміздің артуын тілеймін,- деді Б.Сапарбаев.

Мерекелік шаралар этномәдени бірлестіктердің халық шығармашылығы және ұлттық тағамдар көрмесімен жалғасты. Келушілер Жамбыл облысында тұратын этностардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысуға, сондай-ақ ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Сондай-ақ, шара қонақтары Алғыс айту күніне орай «Арбат-1» аллеясына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Мереке күндері облыс орталығының аумағында барлығы 1000 түп ағаш отырғызылды десек, бұл «қазақ халқына мың алғыс» түсінігінің маңызын арттыра түскендей. Ағаш отырғызуға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев та қатысты. Облыс әкімі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге шырша көшеттерін отырғызып, су құйды. Мәңгі жасыл ағаш саналатын өсімдік – мәңгілік бейбітшілік пен Қазақстан халықтарының достығын бейнелейді.

200 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *