Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 02 Наурыз, 2021

Украина президенті вакцина салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы ол Instagram-аккаунтында жазды.

"Дәрігерлер мен әскери қызметкерлер вакцинацияланып жатыр. Қалған адамдарды кезекке жазылуға шақырамын. Қорқатын ештеңе жоқ, міне менің мысалым", - деп жазды Зеленский.

Айта кетейік, Украина президенті жұмыс сапарымен Луганск облысында жүр. 

LIGA.net мәліметінше, Зеленский Жоғарғы бас қолбасшы ретінде Северодонецкідегі әскери госпитальда егілген. Ол Үндістанда жасалған Covishield вакцинасын салдырды.

1036 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз