Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 03 Наурыз, 2021

Жолаушылар вагоны жаңарып жатыр...

Қазақстанда теміржолдың жылжымалы құрамы жаңартылуда. Бұл жұмыс "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр.

Министрліктің алқа мәжілісінде вице-министр Берік Камалиев осындай тиісті мәліметтерді келтірді.

2020 жылы Нұр-Сұлтан – Арқалық, Атырау – Маңғыстау, Алматы – Жезқазған, Нұр-Сұлтан – Семей, Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен және Алматы – Маңғыстау бағыттарына 100 жолаушы вагоны сатып алынды.

Сондай-ақ, өз елімізде жасалған 20 жүк локомотиві сатып алынды (53 млрд.тг.).

2021 жылы Алматы-Маңғыстау және Атырау-Алматы бағыттарына тағы 43 жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, 60 локомотив сатып алу жоспарда бар: оның 31-і жүк және 29-ы жолаушылар тасымалына арналған.

496 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз