Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 03 Наурыз, 2021

Қарағандыда тұрғын үйдің кіреберісінен нəресте табылды

Қарағанды ​​облысының Полиция департаментінің  хабарлауынша, 3 наурызға қараған түні Октябрь полиция бөліміне 15 шағын ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде есік алдына белгісіз біреу екі айлық сәбиді тастап кеткені туралы хабарлама түскен.

Нәресте көрпеге оралған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Баланың денсаулығы жақсы екендігі және медициналық мекемеге жеткізілгені айтылған, деп хабарлады ekaraganda.kz. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 119-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері нәрестенің анасын іздеуде.

 

 

501 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз