Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 04 Наурыз, 2021

Көзбен сурет салатын адам

Өнер-ойыншық емес, өнер-құбылыс, ерекше әлем мен өзгеше өлшем. Қазіргі таңда әлемді таңырқатып отырған өнер адамдарының туындылары өте көп.

Өнердің де өзгеше түрлері болады. Мысалы, Қарағандыда бірегей туындылар шығармашылығымен айналысатын Владимир Герценнің көрмесі қызғылықты. Оның суреттері темір- терсек, бұранда және сымдармен бейнеленген. Владимир Герценнің шығармаларын сурет өнері әлемінің майталмандары әлемдік деңгейдегі мықты туындыларға теңеп отыр. Кезінде Германия, Ресей сынды мемлекеттердің танымал суретшілері оның жұмысына жоғары баға беріп, өз елдерінде көрме ұйымдастыруға ұсыныс жасаған. Соңғы жылдары өзінің шығармашылығында ол минералды тастарды да кәдеге жарата бастапты. Владимир құрылыстан қалған темір- терсектің қалдығынан керемет өнер туындысын ұсынып отырғаны да шеберліктің белгісі.

Сонымен қоса осындай сурет өнерінің тағы да бір ерекше құбылысы мені қатты таңырқатты. Жалпы  кез келген сурет қолмен салынатынын бәріміз де білеміз. Ал көзбен сурет салған адамды көрдіңіз бе? Әрине, жоқ. Бірақ әлемде көзбен сурет салатын да адамдар бар. Аргентиналық Леандро Гранато өзінің суреттерін көзімен салады.  Ол мұрнымен бояуды тыныс ала тарта отырып, оны көзінен шығару арқылы туындысын дүниеге әкеледі. Бір суретті салу 10 минуттан 1 айға дейін созылады екен. Оның осындай ерекше суреттерінің құны  2,5 мың АҚШ долларды құрайды.

Леандро Гранато өзінің бойындағы бұл ерекшелікті бала кезінен ақ байқаған көрінеді. Енді ол «көзбен сурет салу арқылы әлемге танылсам» деп отыр. Тіпті,  келешекте «жеке кәсіп ашу керек»  деген  ойы да бар. Ол екі жыл уақытын өзінің туындыларына және көзіне зиян келмейтін бояуларын дайындауға жұмсапты.

Аргентиналық суретшінің ойынша, әлемде мұндай айрықша  өнерді өзінен басқа меңгерген адам жоқ. Алдағы уақытта өзінің туындыларынан түскен қаржыны ол елдегі балалар онкологиялық емханасына аудармақшы екен.

Құралай ЖАНДАРБЕК

«Тұран» университетінің студенті

1307 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз