Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Наурыз, 2021

"Жасанды сұлулық жарға жықпасын" дейміз

Қазіргі уақытта еліміздегі хирургия саласы, оның ішінде пластикалық хирургия жақсы дамып келеді. Мамандарымыз кез келген шетелдік хирургпен тең деңгейде жұмыс істейді деп айта аламыз. Шетелге қарағанда техникалық жабдықтау жағынан сәл арттамыз. Дегенмен жыл сайын құрал-жабдықтар да түгенделіп келеді. Беттің әжімі, көздің қабағы, қалқан құлақ, қисық мұрынды түзету сынды кез келген операцияны отандық дәрігерлеріміз жасауға дайын.

        Пластикалық отаның бағасы әртүрлі. Ше­телмен салыстырғанда, елімізде ана­ғұр­лым арзан. Салыстырмалы түрде «арзан» деген аты болмаса,  қарапайым халық үшін құны бар қаржы. Сонда да бағасына қарамастан пластикалық хирургияның көмегіне жүгініп жатқандар саны аз емес.  Әйтсе де, бұл оталардың қажеттілігі, пайдасы неде? Сән үшін де пластикалық отаға жүгінетіндер саны неге артты? Елімізде бет-жақ әлпеттеріне ота жасай­тын­дардың 50 пайызы жол апатына ұшы­рағандар немесе түрлі жағдайда орын алған оқыс оқиғаларда зардап шеккен адамдар көрінеді. Тағы да өзінің сырт келбетіне көңілі толмайтын жандар да отаға жүгініп жатады. Операцияға баратындардың 80 пайызы – қыз-келіншектер. Олар қабағына қатпар салу, құлақ, мұрын, ернінің пішінін өзгерту, әжімін тарту, емшек бездерін үлкейту, артық майдан арылу сияқты мәселелермен келеді. Бірақ, дәрігерлердің айтуынша, олардың бәріне бірдей операция жасалмайды. Неге десеңіз, операцияға келген қыз-келіншектің, айталық құлағы, мұрны өзіне жарасып-ақ тұруы мүмкін. Тек жанындағы құрбысының «Мұрның пұшық немесе құлағың қисық» деген сөзін көңіліне алып, соған бола өзгертуді ойлағандар бар. Сондықтан операция жасамас бұрын келген адаммен психологиялық тұрғыда жан-жақты сөйлесіп, кеңес берілетіні орынды.
          Соңғы уақытта қыздар арасында көкі­рек­ті үлкейту де сәнге тіпті дәстүрге айналды десек болады. «Жасанды (си­ликон) кеуде бала емізгенде зия­нын тигізбей ме?» деген қорқыныш та бар. Алайда, мамандардың айтуынша, «көкіректі ұлғайтатын ар­найы силикондар бар. Олар ресейлік, қы­тайлық, америкалық болып бөлінеді. Ол силиконның сапасына байланысты ма деп те ойланасың. Негізінде ем­шек безінің астындағы үлкен бұлшық етті кесіп, оның астына селикон қояды екен. Уақыт өте келе әлгі силикон теріге сіңіп кетеді. Бірақ, әр нәрсенің жарамдылық мерзімі барын ұмытпаған абзал.      «Жасанды сұлулық жарға жақпасын» дейік. Десе де, адамның табиғат берген жаратылысына өзгеріс енгізу – үлкен тәуекелге бару. Ақиқатында,«адамына қарай заманы»,таразыға салмай, байыпқа бармай, еліктеушіліктен көз ашпай мардымсыз дүниенің құрбаны болып келеміз. Қысқасы, «қалаған кейіпімізге енеміз» деп, табиғат берген шынайылығымызды жоғалтып алмасақ, болғаны.

Ақерке Сабырқызы

«Тұран» университетенің студенті

436 рет

көрсетілді

22

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Жарқынай

04 Наурыз, 2021

Жасанды сұлу болғаннан не пайда, ортаңдағы адамдар сені қалай бар болсаң, солай қабылдауы қажет қой... Онда түріңді емес ортаңды өзгерту керек екенін түсінбейтін қыздар қырғыын деген сөз(. Автор жақсы мәселені қозғапсыз 👏🏻

Белес

04 Наурыз, 2021

Дұрыс айтасыз, қазір жасанды сұлулықтың арқасында барлық қыздардың түрі бірдей болып кетті ғой. Табиғи сұлулыққа не жетсін!

Аида

04 Наурыз, 2021

Алланың мейірімі шексіз, әр пенденіне махаббат пен жаратты .. Арғы өмірді де ойлау керек

Перизат

04 Наурыз, 2021

👍🏻өте керемет.

Перизат

04 Наурыз, 2021

👍🏻өте керемет.

Арайлым

04 Наурыз, 2021

қазіргі заманнын өзекті мәселесі! осы тақырыпты көтергеніңізге рахмет!

Гульнара

04 Наурыз, 2021

Мурнын кисык болса айнага окпелеме дегендей,Алланын жараткан турине шукиршилик етиндер,баринин сурауы бар ертен

Гульнара

04 Наурыз, 2021

Мурнын кисык болса айнага окпелеме дегендей,Алланын жараткан турине шукиршилик етиндер,баринин сурауы бар ертен

Гульнара

04 Наурыз, 2021

Мурнын кисык болса айнага окпелеме дегендей,Алланын жараткан турине шукиршилик етиндер,баринин сурауы бар ертен

....

04 Наурыз, 2021

Дурыс

....

04 Наурыз, 2021

Дурыс

....

04 Наурыз, 2021

Дурыс

Мөлдір

04 Наурыз, 2021

Өте орынды жазылған!

Ақбала

05 Наурыз, 2021

Табиғилыққа не жетсін! Апатқа ұшырап немесе күйік шалған кезде болмаса пластикалық операция жасаудың, Алланың жаратқан бейнесін өзгертудің мәнісі жок ау.

Ақбала

05 Наурыз, 2021

Табиғилыққа не жетсін! Апатқа ұшырап немесе күйік шалған кезде болмаса пластикалық операция жасаудың, Алланың жаратқан бейнесін өзгертудің мәнісі жок ау.

Ақбала

05 Наурыз, 2021

Табиғилыққа не жетсін! Апатқа ұшырап немесе күйік шалған кезде болмаса пластикалық операция жасаудың, Алланың жаратқан бейнесін өзгертудің мәнісі жок ау.

Айбек

05 Наурыз, 2021

👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

ГАЛЕЛ

05 Наурыз, 2021

Дұрыс жазыпсың, жарайсың....👍👍

Асел

05 Наурыз, 2021

Өте керемет жазылған. Шыныменде қазіргі кезде адамдар ойланбай,түрлерін өзгертуде. Бұл жазылған мақаламен толықтай келісемін.

Дана

05 Наурыз, 2021

Өте керемет жазылған. Шыныменде қазіргі кезде адамдар ойланбай,түрлерін өзгертуде. Бұл жазылған мақаламен толықтай келісемін.

Арман

06 Наурыз, 2021

Кандай турин болса да, ишки жан дуниен таза, коркем болмаса не пайда?! Ен биринши адам озинин ишки менин коркем етсе, онын сырткы келбети оздигинен ажарланар еди.

Әділ

08 Наурыз, 2021

Алланың бергеніне, бұйыртқанына әрқашан мойынсұну керек!