Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Наурыз, 2021

Ректор: Оқудан шығарылған студенттер университетте бірде-бір семестр оқымаған

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқудан шығарылған студенттері университетте бірде-бір семестр оқымаған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында университеттің Төрағасы-Ректоры міндетін атқарушы Ержан Әмірбекұлы айтты, - деп хабарлайды Ақпарат және талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 

Оның айтуынша, студенттер осы оқу орнынан академиялық сағат алған. Іргелі оқу орнының академиялық саясатына сәйкес, шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары ауысуға ниет білдірген. Олар негізінен Ресей мен Қырғызстаннан.

"Университет Академиялық адалдық саясатын ұстанатынын және ұсынылатын құжаттардың түпнұсқалығына күмән келтіре отырып, білім беру ұйымдарына ауысқан студенттер мен магистранттардың жеке істерінде олардың оқу фактісін растау немесе теріске шығару үшін ұсынылған тиісті сұранымдар жіберілді. Осы студенттердің 80% - дан астамы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу фактісі расталмаған. Соған сәйкес қабылданған жоқ немесе оқудан шығарылды", - деп кесіп айтты Ержан Әмірбекұлы.

Академиялық саясатқа сәйкес, оқуға қабылдау, дәлелді себептермен оқудан шығару қалыпты үрдіс болып табылады.

- Шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстырылған және осы жылдың қаңтар-ақпан айларында оқудан шығарылған студенттер М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бірде-бір семестр оқымаған. Сонымен қатар, кейбір шетелдік жоғары оқу орындары тарапынан Академиялық адалдық себебінен оқудан шығарылған студенттердің ешқайсысы оқу ақысы төлемеді. Бұл студенттер оқуға қабылдағаннан кейін бір-екі апта ішінде аталған себептермен оқудан шығарылды. Студенттер мен олардың ата-аналары тарапынан бұл мәселе бойынша "жалған" құжаттарға байланысты шағымдар болған жоқ деді, - спикер.

186 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *