Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 04 Наурыз, 2021

Күлкінің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Біреудің жүзінен ғажап күлкіні көрсең, сенің де көңілің жайланады.  Сондықтан да күлкіні ұнатпайтын адам жоқ шығар, сірә. 

Күлімдеу интеллектуалды қалжың, қытықтау, ойлау тереңдігі және мысқылдан пайда болады. Күлкісіне қарап, адамның мінезін, ішкі жан-дүниесін шамалауға болады екен. Мәселен, психологтардың зерттеуі бойынша  айғайлап күлген адам көбіне ашық мінезді, дені сау, көпшіл болып келеді. 

Ал, керісінше дыбыс шығармай, ақырын күлген адамдардың мінезі тұйық болады. Бірақ олардың ішінде  адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатын мінезі жұмсақ, көнбіс адамдар да осылай күледі екен. 

Тіпті, бір қызығы жүйке жүйесі сыр берген мазасыз адамдар үзіп-үзіп күлсе, өзіне сенімді, үлкен қиындықтарды оңай шеше алатын адамдар қысқа қана күліп қоя салады екен. 

Адам күлгенде дененің қорғанысын арттырады, адам бойындағы иммунитетті нығайтады, оң эмоциялардың дамуына ықпал ету арқылы көңіл-күйді көтереді. Тіпті, ішкі органдардың тиімді жұмыс істеуіне әсер етеді екен.

Кішкентай баланың жымиған күлкісіне қарап ойға шомып кететінім бар. Оны күлдіру үшін біз түрлі іс-қимылдар жасаймыз. Алайда оны түсініп тұрған бала бар ма? Әйтеуір, шықылықтаған бала күлкі. 

Ал сіз кішкентай баланың күлкісі өзінің және сүйсіне тыңдаған ата-ананың да өмірін ұзартатыны жайлы естігеніңіз бар ма? 

Балаға күлімсіреу үшін оған үлкен сезіммен қараған дұрыс. Ал күлкіні шақыру тіпті қиын емес. Сонда ғана сіз жағымды эмоцияларды сезінесіз және керемет көңіл-күй ұзақ уақытқа рахаттандырады. Сəбиді артынан жүгіріп немесе қытықтап, әр түрлі дауыста имитациялау арқылы ойнап күлдіруге болады.  Кейбір зерттеулерге назар алсақ, баланың күлкісі сіздің ұзақ өмір сүруіңізге себепші бола алады екен. Сондықтан күніне бірнеше минут балаңызды қатты күлдіруге уақыт бөлуіңіз керек.

Кейде жаңа туған сәби шалқасынан жата өзінен-өзі себепсіз, жымиып жататынын көріп жатамыз. Соған сәйкес әжелеріміздің сәби жымиса  періште күлдіріп жатыр деген әңгімесі есіме түсіп отыр. Енді біреулер оны болашағындағы өмірінің қызықты сәттері көз алдынан елестейді екен дейді. Бірақ, бұл ақпаратқа нақты негіз жоқ. 

Америкалық жазушы Элла Уилер Уилкокстің "Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды" де мағыналы сөзі бар.  Сондықтан да, қандай жағдай болмасын үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық...

 

 

Құралай ЖАНДАРБЕК

«Тұран» университетінің студенті

 

490 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *