Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 04 Наурыз, 2021

Қызылордада көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды

Қызылордада көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды. Қазіргі таңда мұз Қызылорда су торабынан 178 шақырым жоғары Шиелі ауданы аумағындағы Көлекбаз учаскесі тұсында тұр, деп хабарлайды kazgazeta.kz облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі күнге Шардара су қоймасы арқылы Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 200 текше метр су жіберілсе, оның 100 текше метр көлемін Көксарай су реттегіші алып отыр. Төменгі ағысқа секундына 100 текше метр су босатылуда. Ағымдағы қыс мезгілінде өзен арнасында мұз Арал ауданынан бастап, Жаңақорған ауданы аумағына дейін толықтай ұстасқан болатын. Жылы ауа-райының қалыптасуына байланысты 7 ақпаннан бастап өзен беті мұздан ашыла бастады, - деді жиында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин.

Су тасқынының алдын алу мақсатында облыс бойынша су басу аймақтары анықталып, оған 402 бірлік арнайы техникасы және 1 178 адамы бар 130 ұйым бекітілген. Оған қоса, 68,6 тонна жанар жағар май, 154 590 дана қаптар және басқа да материалдар қоры жасақталған. 

Мұз жару жұмыстарына мамандандырылған мекеме «KazDrillingCompany» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 1 тікұшағы, халықты көшіруге 84 жинақтау және 103 қабылдау эвакуациялық пунктері дайындыққа келтірілген. Облыс аумағындағы азаматтық қорғаудың барлық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, бұл жұмыстар су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін жалғаспақ. Ал, қазіргі таңда облыстың су шаруашылығы жағдайы бірқалыпты, бақылауға алынған.

Жиында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова сала басшыларына Сырдария өзеніндегі суды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. 

 

 

309 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *