Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 04 Наурыз, 2021

Өзгерістер кезеңі: Рухани даму жолдары

Өткен жыл  біздің үйреншікті өмір дағдымыздың  үздіксіз күйреуге, толассыз төңкеріске толы  тұрақсыздану кезеңі болды. Алайда, тарихқа көз жүгіртсек, апатты оқиғалар көбінесе рухани ояну кезеңдеріне алып келеді екен.

 Біз сенген және арқа сүйегеннің барлығы күйреген  кезде, бізде тек екі нұсқа бар. 

Бірі -  сәтсіздікке мойынсұнып, немқұрайлылық  пен сенімсіздікке жол береміз немесе мәселеге тереңірек үңіліп, сенуге тұрарлық шындық пен құндылықтарды таба аламыз. Сондықтан, азап шегіп, уайымдаудың орнына, жаныңызды жайландыратын балама табыңыз. Мысалы, өзіңізге  «мен бұл әлемді жайлаған  апатқа қалай жауап беремін?»  деудің орнына  «мен өзімді және айналамдағы адамдарды нығайту үшін не істей аламын?» деген сауал қойыңыз.

 Назарларыңызға  карантин мен хаос арасында тыныштық табуға көмектесетін бірнеше қадамдар ұсынбақпыз.

1. Сіз жақсы көретін және сөйлесетін адамдар мен тәжірибелерге назар аударыңыз. Отбасыңызбен және достарыңызбен сөйлесуге, байланыстарды нығайтуға, жаңа идеяларды талқылауға, бірлескен жобаларды бастауға және бірлескен әрекет жасауға қосымша уақыт бөліңіз.

2. Келіспеушілік детоксы: әдетте білім - бұл күш, бірақ  ол шектен тыс  біздің алаңдаушылығымызды тудырмауы керек. Егер бұқаралық ақпарат құралдарын тұтыну сізді ашуланшақтық, мазасыздық немесе әлсіздік сияқты сезімдерді сезінуге мәжбүрлесе, сізге өз әдеттеріңізді қайта қараудың уақыты келді. Қастандық теориясына арналған саяси немесе сенсациялық платформалар мен сайттардан аулақ болыңыз. Ешқандай жағдайда даулар мен нәтижесіз келіспеушіліктерге жол бермеңіз. Олар сіздің ойыңызды қажетсіз ақпараттарға толтырады.

3.Байланыстарға көңіл бөліңіз: жаңа достар мен жаңа таныстар іздеуді қолға алыңыз.Басқаларды жұбату, ауыртпалықты бөлісу және оларды тыңдау мүмкіндіктерін іздеңіз. Өмірінде қиын сынақтардан өткен қарт адамдардан өз тәжірибелері туралы ой бөлісуін сұраңыз. Басқаларға қол ұшын созу және олармен  ортақ қызығушылық тудыратын салаларда байланыс  орнату  мүмкіндіктерін қарастырыңыз.

4. Өз сезімдеріңізді қорғаңыз. Күн сайын өзіңізге  әсіресе, ұйқыдан оянғанда  және ұйықтар алдында – медитация жасау, жайландыратын  музыка тыңдау , шабыттандыратын немесе тыныштандыратын  кітап оқу сияқты пайдалы істермен айналысуға  уақыт бөліңіз.  Өз сезімдеріңіздің қамқоршысы болыңыз. Есіңізде болсын жақсы немесе жаман нәрсе болғанына қарамастан, өміріңізде не болса да  сізге әсерін тигізіп үлегереді. Сондықтан, өміріңізге алшақтататын  идеялардың орнына жақындата түсетін идеялар  мен сезімдерді, жек көрушіліктің орнына махаббатты, қақтығыстың орнына үйлесімділікті, хаостың орнына тәртіпті енгізуге тырысыңыз.

5. Өткенге бір сәт қараңыз: фильмнің бір кадры секілді  өткен жылы нелерді өткергеніміз туралы ойланыңызшы. Иә, бұл жағымсыз кадр, бірақ бұл фильмнің де, оқиғаның да соңы емес. Келесі тарау қандай болады? Өзіңізді зардап шегушідей сезінбеңіз керісінше,  өміріңізді бақылауға алыңыз.

 

Дайындаған Айжан Нұртаза

"Тұран" университетінің студенті

 

542 рет

көрсетілді

21

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Нуржигит

04 Наурыз, 2021

Алға

Гульшат

04 Наурыз, 2021

Өте жақсы жазылған, түсінікті әрі керек мағлұмат! Керемет!

Гульшат

04 Наурыз, 2021

Өте жақсы жазылған, түсінікті әрі керек мағлұмат! Керемет!

Айнура Сүгірбекова

04 Наурыз, 2021

Өте керемет жазылған рухани даму жолы.Жарайсын

Айнура Сүгірбекова

04 Наурыз, 2021

Өте керемет жазылған рухани даму жолы.Жарайсын

Венера

04 Наурыз, 2021

Керемет жазылған мақала. Негізінде барлығы өзіміздің қолымызда, денсаулық, көңіл, қоршаған орта...

Венера

04 Наурыз, 2021

Керемет жазылған мақала. Негізінде барлығы өзіміздің қолымызда, денсаулық, көңіл, қоршаған орта...

Венера

04 Наурыз, 2021

Керемет жазылған мақала. Негізінде барлығы өзіміздің қолымызда, денсаулық, көңіл, қоршаған орта...

Венера

04 Наурыз, 2021

Керемет жазылған мақала. Негізінде барлығы өзіміздің қолымызда, денсаулық, көңіл, қоршаған орта...

Венера

04 Наурыз, 2021

Керемет жазылған мақала. Негізінде барлығы өзіміздің қолымызда, денсаулық, көңіл, қоршаған орта...

Венера

04 Наурыз, 2021

Керемет жазылған мақала. Негізінде барлығы өзіміздің қолымызда, денсаулық, көңіл, қоршаған орта...

Ақмаржан

04 Наурыз, 2021

👍👍👍

Кушанов Дархан

04 Наурыз, 2021

Адам озын тузетпей, алемды озгерте алмады, сондыктан ар Адам озынен бастау керек. Керемет макала.

Акишева Ұлбосын

04 Наурыз, 2021

Мақала қазіргі таңдағы қажетті керек мәселені қамтыған.Пайдалы кеңестер алуға боларлық.

Улдана

04 Наурыз, 2021

Жарайсың!

Арман

04 Наурыз, 2021

Өмірде қиын жағдаилардан шығу үшін адам өзін өзі тәрбиелеу үшүн кеңестер алуға болады жақсы мақала

Асель Кумисова

04 Наурыз, 2021

Керемет, ойлануга турарлык дуние! Осындай макалалар казирге кезде ауадай кажет!

Абзал

04 Наурыз, 2021

✊✊⚜️Жарайсыз⚜️😍

Абзал

04 Наурыз, 2021

✊✊⚜️Жарайсыз⚜️😍

Кушанова Салтанат Нуртазаевна

04 Наурыз, 2021

Өте құнды мәліметтер,шынымен алып қарасақ адам өзін өзі қамшылап алға қарай сүйрейді.Яғни мотивацияны өз қолымен жасауы керек.Авторға үлкен алғыс.

Турарбек

05 Наурыз, 2021

Оркенин орге жузсин.Керемет дуние.