Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 05 Наурыз, 2021

Германия билігі локдауннан біртіндеп шығу жолдарын қарастырып жатыр

Локдаун жағдайында саясаткерлер бірқатар шектеу шараларын жеңілдету жолдарын да қарастырды. Ангела Меркель және барлық 16 өңірдің басшылары локдауннан біртіндеп шығудың жоспарын талқылады. Келіссөздер 9 сағаттан аса уақытқа жалғасты. Ақыры стратегия қабылданды. 

Келесі аптадан бастап елде кітап пен гүл сататын дүкендер ашылады. Көлік жүргізушілері мен ұшқыштар дайындайтын мектептер жұмыс істейді. Ел тұрғындарына ашық далада шағын топ құрамында спортпен айналысуға рұқсат берілді. Жақын арада мұражайлар, галереялар, хайуанаттар және ботаника бақтары ашылады. 

Басты шарт – апта бойы 100 мың адамға шаққанда коронавирус жұқтыру елуден аспауы тиіс. Егер науқастар саны азая берсе, мейрамханалар да жұмысын бастайды. Бірақ қонақтарына ашық алаңда қызмет көрсетеді. Сондай-ақ тұрғындарға қонаққа баруға рұқсат етілді. 

Ангела Меркель, Германия канцлері: 

– Саясаткерлердің басты міндеті – локдауннан шығу жөнінде жақсы ойластырылған стратегия қабылдау. Карантинді қайта енгізбес үшін шектеу шараларын біртіндеп жеңілдету қажет. Сондықтан келіссөздер ұзаққа созылды. Қазір Еуропаның көптеген елін індеттің үшінші толқыны басып кеткенін байқап отырмыз. Германияға да осындай қауіп төніп тұрғанын ұмытпау керек. Бірақ нақты айтарым, биылғы көктем бір жыл бұрын болған жағдайдан ерекше болады. 

 

1192 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз