Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 05 Наурыз, 2021

Қазақстандық боксшы жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) титулдық жекпе-жекте Пуэрто-Рико тумасы Даниэлито Соррильядан ұтылып қалды.

Жекпе-жек Гуайнабодағы (Пуэрто-Рико) бокс кеші аясында өтті. Бос тұрған WBO NABO белбеуі бәске тігілді. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланғанымен, сегіз раундқа созылды. Соррилья қарсылас желкеден ұрып жіберді деп, шағымданды. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті ринг қожайынына сыйлады. 

Руслан Мадиев мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіліп, WBO NABO титулына қол жеткізе алмады. Ол 2019 жылдың шілдесінен бері шаршы алаңға шықпаған еді.

657 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз