Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 05 Наурыз, 2021

Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі ашылмаған құпиялар

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан. Оны әлемнің сезігінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Бұл сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары, 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енген.

    Қожа Ахмет Яссауи (Әзірет Сұлтан) - XII ғасыр ойшылы және түркілік сопылық бағытты дәріптеген ақыны. Оның зираты  мұсылман қауымының бас ұрып, тағзым ететін орнына айналған. Оған үш рет бару Меккеге барғанмен тең деп те жатады. Қожа Ахметтің арқасында Түркістан – барша түркі елдерінің рухани орталығына айналды.

          Қожа Ахмет Яссауи Кесенесінде көптеген құпия жасырынған. Ғалымдар бұрыннан-ақ не себепті бұл ғимараттың сол уақыттағы барлық діни ғимараттар секілді Меккеге бағытталмағанына бас қатырауда. Ал келесі құпия кесененің іргетасында жатыр, себебі ол мүлде жоқ! Іргетастың орнын қалыңдығы бір жарым метр болатын, көп қабатты балшықты негіз қойған. Соған қарамастан, мұражай көптеген соғыстар мен жер сілкіністерін басынан өткеріп, алты ғасыр бойы құламай келген. Іргетастың болмауын балшықты-дәкелі негіздің өзі жеткілікті деп түсіндірген. Аңызға сүйенсек, кесененің құрылысы кезінде мыңдаған өгіздерді айдап әкеліп, болашақ ғимараттың платформасын таптату үшін, шеңбер бойымен жүргізген деседі. Ал, келесі тарихшылар Темірланның тұсында да ниеті таза емес, өз ісін шала істейтін жалдамалы жұмыскерлер болған дегенді алға тартады... 2000 жылдың басында кесененің көне қабырғаларының астына бетонды іргетас жүргізіліп шыққан.

    Кесененің келесі құпиясы – қаптайтын тақталарды сырлаған көне жылтырақтар мен бояуларды қалай өндіргендері. Жаңа технологиялар бұрынғы шеберлердің нәтижесін қайта жаңғыртуға көмектесе алмады. Күмбездің қаптамасын заманауи тақталармен жаңартқан кезде бір жыл өте салысымен қаптаманы шешу керек болатын, себебі күмбез судың салдарынан ісіне бастаған. Ал ежелгі құрылысшылар су өткізбей ғана қоймай, сонымен қатар күмбездің табиғи жолмен ауа алмастырып тұруына қол жеткізген.    

    Түркістанға жол тартқан кез келген құлшылық етуші адам, түркі елдерінің рухани тәлімгері, артында қалған ұрпағы «Далаға Ислам жарығын әкелуші» деп бағалайтын, танымал Әзірет Сұлтан жерленген, Әмір Темірдің бұйрығымен бой көтерген күмбезге бас сұқпай кетуі мүмкін емес деседі.

 Айжан Нұртаза

3100 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз