Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 05 Наурыз, 2021

Қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе-Қалдығайты тас жолында қар құрсауында қалған 3 жеңіл көлік құтқарылды. ТЖД  мамандарының хабарлауынша, құтқару шарасына 5 қызметкер мен 1 техника тартылған. Қарға батқан көліктерде болған 11 адам Қаратөбе ауылына эвакуацияланды. Олардың арасында бір бала болған.

Ал кеше кешкісін «Деркөл-Вителки» автожолында ішінде 17 оқушы болған 2 ПАЗ автобусы құтқарылған еді. Бұған қоса 7 жеңіл көліктің жолаушылары да Новостройка кентіне эвакуацияланды. Аймақта күн райының құбылуына байланысты жолдарды жиі жабуға тура келеді. Дәл қазір Орал-Тасқала-Ресей шекарасына дейінгі автожол жабық.

 

347 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *