Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 05 Наурыз, 2021

Стив Джобстың соңғы сөзі

Мен бизнес әлемінде көпшілік жетпеген жетістікке жеттім. Өзгелер маған қызыға қарап, менің жолымды жұртқа үлгілі деп санайтын. Бірақ өзім ғана білетін бірнеше жайт бар.

Байлық – менің өмірімнің бір ғана көрінісі. Бұл өмірде сіз үшін көлігіңізді жүргізетін, сіз үшін еңбек етіп, табыс әкелетін адамдарды жалдап алуыңызға болады, бірақ сіз бойыңыздағы ауруыңызды өзіне алып, оны сезінетін адамды ешқашан жалдап ала алмайсыз. Дүние мен мүлікті таңдап жүріп сатып алуыңызға болады. Бірақ, өмірді, жоғалған уақытыңызды таңдап, сатып ала алмайсыз.  Сондықтан мына өмірге еркелеп қалыңыз. Басқаларды сыйлаңыз. Сыйлы болыңыз!

    Мысалы:

30 доллар тұратын сағат пен 300 доллар тұратын сағаттың еш айырмашылығы жоқ, екеуі де бірдей уақытты көрсетеді.

30 доллар тұратын әмиян мен 300 доллар тұратын әмияннің ішіне бірдей ақша сияды.

150 мың доллар тұратын көлікпен де, 30 мың доллар тұратын көлікпен де, діттеген жеріңе жетуге болады.

300 шаршы метр пәтерде тұрсаң да, 3000 шаршы метр үйде тұрсаң да, жалғыз тұрсаң, олар сенің жалғыздығыңды емдей алмайды.  Сіздің ішкі жан дүниеңіздің бақыты мал-мүлік пен дүниеден нәр алмайды.

Сіз бірінші класпен ұшсаңыз да немесе эконом класпен ұшсаңыз да, бәрібір, егер ұшақ құласа, жан тапсырасыз.

Егер сіздің араласатын, көріспесе іздейтін достарыңыз болса, біліңіз, нағыз бақыт осы!

 

 

Аударған 

Ақерке Сабырқызы

"Тұран" университетінің студенті

 

543 рет

көрсетілді

8

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Арман

05 Наурыз, 2021

Оте дурыс айтылган. Келисем

Джули

05 Наурыз, 2021

Стив Джобс молодец кой

Қасиет

05 Наурыз, 2021

👍👍👍👍 Қазақстанда Джобс қашан туылар екен...

Ескендір

05 Наурыз, 2021

Ия, көп нәрсенің қадірін білмей байларға еліктейміз. Ана сөз бар ғой байлар кедей сияқты өмір сүргендіктен бай, кедейлер бай сияқты жүргісі келгендіктен кедей деген.

Ali

05 Наурыз, 2021

Bazar jok

Гүлнұр

05 Наурыз, 2021

Дұрыс айтылған. Осындай мақалалар көбейе берсін👏🏻👏🏻👏🏻👍👍👍👍👍

Алмас

05 Наурыз, 2021

Дұрыс айтады, бақытты болу үшін бай болу жеткіліксіз. Қалтасында миллиардтаған ақшасы, астында қымбат көлігі, үстінде бренд киім болса да шынайы бақытты сезіне алмайтындар қаншама... Дүние деген қолдың кірі ғой. Қабірге өмір бойы жинаған мүлкіміздің бір тиынында алып кете алмайтынымызды ұмытпайық!

Аружан

06 Наурыз, 2021

Пікір жазушы Қасиетке жауап жазғым келіп отыр осы тұрғыда... Біздің Қазақстанда Стив Джобстан асып түсер іскер азаматтар көп негізі. Олардың әлемге танылғаны біздің қоламызда деп ойлаймын. Шетелдік тұлғаларды емес, өзіміздің еңбекқор азаматтан деуге тұрарлық қазақстандықтарды көп қарап, қоллауымыз қажет. Бұл әрине менің ойым... Рақмет!!!😃