Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Наурыз, 2021

Алматыда пилоттық режимде "Ashyq" жобасы іске қосылды

Алматыда Ashyq қосымшасын 13 мың кәсіпкерлік нысан тіркеуге ниет білдіріп отыр.

«Бұл фитнес клубтар, спа-орталықтар, сауна, бассейн, компьютер клубтары мен боулинг орталықтар. Бұл жүйе бизнес үшін көп қаражатты талап етпейді. Пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік нысандарына кіру үшін келушілер арнайы QR-код арқылы өтеді. Мәселен, «жасыл» мәртебе COVID-19 ПТР талдауы теріс боп шыққан адамға беріледі. ПТР талдауы жоқ, COVID-19 ауырған адаммен байланысы жоқ адамға «көк» мәртебе беріледі. «Сары» мәртебе COVID-19 науқас адаммен байланысы болған адамға беріледі. «Қызыл» мәртебе базада COVID-19 ПТР талдауы оң шыққан адамдарға беріледі», - деді қаланың бас санитарлық дәрігері. 

Айта кету керек, ҚР Цифрлық даму, инновация, аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігі ҚР ДСМ біріге отырып елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылау үшін Ashyq қосымшасын әзірледі.

«Ashyq» жобасы QR кодын пайдалану арқылы мекемеге келушілердің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Ал мекемеге келген сайын ПТР тест тапсыру, тапсырмау қажеттілігі туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин былай дейді: 

 «ПТР тест тапсырудың қажеті жоқ. Оны үш күн сайын тапсыра да алмайсыз. Егер ПТР тест тапсырсаңыз, онда қорғалдыңыз, сізге жасыл түс мәртебесі беріледі. ПТР тесті қайта қайта тапсыру міндетті емес. Егер сіз «қызыл» мәліметтер базасында болсаңыз, ол - жұқтырған адам, ал «сары» - жұқтырған адаммен байланыс болған деген сөз. Осы екі түс ең қауіпті және олар оқшаулануы тиіс. Біздің міндетіміз - олардың қоғамдық нысандарға кіруіне жол бермеу», - деді Ж.Бекшин. 

Оның айтуынша, ПТР тест түрлі жарысқа қатысушылар мен басқа елге ұшқысы келетіндер үшін берілуі керек. 

«Кейбір спорттық іс-шараларда, бәсекенің басталуына екі күн қалғанда жарысқа қатысушы ПТР тестін тапсыруы керек деп алгоритмде жазылған. Ал шетелге ұшқанда әуежайға барасыз. Онда сізден ПТР тест талап етеді», - деді спикер.


 

 

657 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз