Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 05 Наурыз, 2021

Жалқаулықпен күресудің тиімді əдістері

Жалқаулық – бұл адам бойындағы ең жағымсыз қасиеттердің бірі.  Күнделікті үй шаруасында жүріп, барлық жұмысымызды бітіруге тырысамыз, алайда әр шаруаны бастамас бұрын бойымыздағы жағымсыз қасиет яғни еріншектік туады. Бұл жағдайдың себебі энергияның  жеткіліксіз болуы және ынта мен шаршаңқылықтың басымдығы. Біз бәріне үлгеріп, өмірдің барлық саласында жетістікке жетіп, сонымен бірге жақсы және көтеріңкі көңіл-күйде болғымыз келеді.  Бірақ  біз күнімізді пайдалы өткізу үшін  қаншама жоспарлар құрсақ та істің тоқ етеріне келгенде жалқаулыққа бой алдырамыз. 

Әрине бұның шешімі бар. Осы еріншектік атаулыдан бір жола құтылу үшін сіз өз өзіңізбен күресуіңіз қажет. Біз сізге жалқаулықтан қалай арылуға болатын бірнеше тәсілдерді ұсынамыз.

1) Энергия қозғалыстан  туады. Бұл сіз қарсы болмайтын заңдылық. Егер сізге жұмысты бастау немесе аяқтау қажет болса оны іске асырыңыз, спортпен шұғылдануға немесе кітап оқуға жалқау болсаңыз - өзіңізді мәжбүрлеңіз. Ең бастысы-бастау. Іс-әрекет барысында сізде талпыныс пен ынта пайда болады.

2) Болашаққа мақсат қоя біліңіз. Мысалы, сіз таңертең жүгіруді бастағыңыз келеді, бірақ сіз таңертең ерте оянуға ерінесіз, яғни сізде бұл үшін жеткілікті мотивация жоқ соның кесірінен сіз ұйықтауды таңдайсыз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: "Мен таңертең не істеуім керек, одан не аламын?" Жауап: "Мен салмақ тастағым келеді, спорттық формаға қол жеткізгім келеді және т.б., әдемі дене бітім үшін мен ұйқымның бір жарым сағатын арнауға  дайынмын". Немесе сіз ағылшын тілін үйренуге уақыт таба алмай жүрсіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз:"Мен шет тілін не үшін үйренуім керек?" Мүмкін сіз өзге  тілдермен еркін сөйлескіңіз келеді немесе  сіз шет елдерде  өмір сүруді армандайтын шығарсыз, мүмкін сіз әдеби шығармаларды түпнұсқада оқығыңыз келеді,  немесе шет тілін білу сізге жұмыста артықшылық береді. Осылайша, сізде жеткілікті мотивация болған кезде, мақсатқа жету оңайырақ болады.

3) Сізге шынайы рахат әкелетін нәрсені жасаңыз. Әр адамның рухани қанағат, тыныштық сыйлайтын, өзін мақтан тұтатын белгілі бір қызметі бар. Сіз өзіңізге ұнайтын нәрсені жасағанда, сіз шаршамайсыз және де сүйіспеншілікпен жасалған іс әрқашанда бізге пайдасын береді. Сондықтан да әр бір іске махаббатпен қараңыз. Сонда сізде жеткілкті мотивация болады.

4) Өзіңізді жақсы көріңіз. Егер сіз үнемі өзіңізге деген махаббатты жасырмайтын болсаңыз, айналадағы достарыңыздың сізге деген шынайы сезімдерін байқайтын боласыз. Әр аптаға алдын ала жоспар құрып үйреніңіз. Жоспардға өзіңіз туралы жақсы қасиеттерді тізім түрінде жазып  отырыңыз. Сіз тізімге қосатын әр апта сайын өзіңізден оң қасиетті табуға тырысыңыз. Сонымен қатар алдын ала орындалатын маңызды жұмыстарыңызды да ретімен жазсаңыз, апта соңына қарай үлкен өзгерістерді байқайтын боласыз.

Мунира Амирова

"Тұран" университетінің студенті

 

605 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Айко

05 Наурыз, 2021

Пайдалы екен