- Таным
- 06 Наурыз, 2021
Адам ағзасына қатысты ең қызықты 50 дерек
1. Адам денесіндегі 80 пайыз жылу бас арқылы сыртқа кетеді. Сондықтан адамның салқын күндері бас киімді міндетті түрде кигені абзал.
2. Әйелдердің жүрегі ерлерге қарағанда жиірек соғады.
3. Көктем мезгілінде адамдардың тыныс алу жиілігі күз мезгілімен салыстырғанда үштен бір (1/3) есе жоғары.
4. Адам жады өмір бойы орта есеппен 17 терабайт ақпаратты есте сақтайды.
5. Бір күнде адам миы, жер бетіндегі кез-келген ұялы телефонға қарағанда электр импульстарын көбірек тудырады.
6. Адам ағзасында иттің денесінде болатын барлық қансорғыш жәндіктерді өлтіруге жетерлік - күкірт, 900 қарындаш жасауға жетерлік - көміртегі, 7дана сабын жасауға болатын - май, ойыншық мылтықтан атуға жететін мөлшерде калий және 50 литрлік бөшкені толтыруға жеткілікті су бар.
7. Сіздің бас сүйегіңіз 29 шақты әртүрлі сүйектен тұрады.
8. Көздің қасаң қабығы – адам денесіндегі қан тамыры болмайтын жалғыз ағза. Ол оттегін тікелей ауадан алады.
9. Адамның жүрегі өмір бойы 182 миллион литр қан айдайды.
10.Әйелдердің жүрегі ерлерге қарағанда жиірек соғады.
11. Алма мен бананның хош иісі салмақ тастауға көмектеседі.
12. Адам ағзасында өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы - 2 келі болады.
13. Тіс эмальі - адам ағзасы түзетін ең қатты тін.
14. Басыңызбен қабырғаға соғылу арқылы сіз сағатына 150 калория жоғалта аласыз.
15. Өмір бойы, адам терісі шамамен 100 рет ауысып, жаңарып отырады.
16. Нағыз махаббатқа толы сүйісу мида парашютпен секіру және мылтық ату сияқты химиялық реакцияларды тудырады.
17. Көк көзді адамдар басқаларға қарағанда ауруға сезімтал болып келеді.
18. Адам ағзасындағы жүйке импульстері секундына 90 метр жылдамдықпен қозғалады.
19. Адам миында бір секундта 100000 химиялық реакция жүреді.
20. Бір жұмыртқалы егіздердің біреуінде бір тісі болмаса, сыңарында да дәл сол тіс болмайды.
21. Адам жүрегі қанды 4-қабаттағы үйдің деңгейіне дейін көтеруге жеткілікті қысым тудыруға қауқарлы.
22. Адам ұйқыдағы кезінде теледидар көргенге қарағанда көп калория жұмсайды.
23. Адам жымиған кезде 17 бұлшы қеті, ал мұңайғанда 43 бұлшық етті жұмыс істейді.
24. Ұшақпен ұшқан кезде адам шашының өсу қарқыны екі есе артады.
25. Адамдардың 1пайызы инфрақызыл және тағы 1 пайызы ультракүлгін сәулелерді көре алады.
26. Неміс зерттеушілерінің айтуынша, дүйсенбіде аптаның басқа күндеріне қарағанда жүрек ұстамасы болу қаупі жоғары.
27. Адамның орташа өмір сүру ұзақтығы- 2475576000 секунд, өмір бойы біз орта есеппен 123205750 сөз айтамыз және 121пинта, яғни 60,5литр көз жасын төгеді екенбіз.
28. Адамның сүйегі болаттан бес есе күштірек.
29. Сіз осы сөйлемді оқып отырғанда, сіздің денеңіздегі 50000 жасуша өліп, жаңа жасушаға ауысып үлгерді.
30. Оңқай адамдар солақайларға қарағанда 9 жыл артық өмір сүреді.
31. Шөлдеу сезімі дене салмағының 1%-ына тең су жоғалтқанда пайда болады. Ал 5% - дан артық су жоғалту - естен тануға, 10% - дан артық жоғалту - өлімге әкелуі мүмкін.
32. Жер бетіндегі барлық адамдарды 1500 метрлік куб ішіне сыйдыруға болады.
33. Адамның өмір бойы өсетін шашының жалпы ұзындығы 800-1000 шақырымды құрайды.
34. Адамның ерні саусақтарының ұшына қарағанда жүздеген есе сезімтал болып келеді. Сүйісу кезінде адамның жүрек қағысы жиілеп, минутына 100 рет немесе одан да көп соғуы ықтимал.
35. Нәресте жеті айға дейін бір уақытта тыныс алып та, тамақты жұтып та үлгереді.
36. Түшкіру кезінде дененің барлық функциялары, тіпті жүрек те тоқтайды және ашық көзбен түшкіру мүмкін емес.
37. Үш айлық эмбрионда саусақ іздері пайда болады.
38. Бір күнде адам ағзасынан орта есеппен 500 мл тер бөлінеді.
39. Жөтел – өкпеден сағатына 100-ден 900 шақырымға дейінгі жылдамдықпен шығатын жарылғыш ауа заряды.
40. Жыл сайын, оңқай адамдарға арналған механизмдерді пайдаланудағы қателікке байланысты екі мыңнан астам солақайлар өледі.
41. Адам орта есеппен өмірінің екі аптасын бағдаршамның жасыл түсін күтумен өткізеді.
42. Адам қалыпты жағдайда күніне орта есеппен бес рет күледі.
43. Көз ішіндегі торлы қабық шамамен 650 шаршыметр мм ауданды алып жатады және онда 137 миллион фотосезімтал жасушалар, 130 миллион қара және ақ түсті көру таяқшалары және 7 миллион түсті көру конустары бар.
44. Біздің көзіміз туғаннан бастап бір көлемде болады, бірақ мұрынымыз бен құлағымыз өмір бойы өсуін тоқтатпайды.
45. Көздің фокустау бұлшық еттері күніне 100000 рет қозғалады. Аяқ бұлшық еттері дәл осынша рет жиырылуы үшін күніне 80 шақырым жүру керек.
46. Таңертең адам кешкі уақытқа қарағанда шамамен 8 миллиметрге ұзын болады.
47. Жаңа туған баланың денесінде шамамен 300 сүйек болса, ересек адамның денесінде олардың саны 206 сүйекті құрайды.
48. Адам жүрегінің көлемі оның жұдырығымен тең болады. Ересек адамның жүрек салмағы 220-260 граммды құрайды.
49. Әйелдер көздерін ерлерге қарағанда 2 есе аз жыпылықтатады.
50. Еркектердің бойы 130 см - ден төмен болса, ал әйелдер 120 см-ден төмен ергежейлі болып саналады.
Дереккөзі: karelinform.ru
Аударған: Айжан Нұртаза
1331 рет
көрсетілді0
пікір