Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 06 Наурыз, 2021

Түрмеде жазасын өтеп жатқан бойжеткенге жігіті тосын сый жасады

Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бойжеткенге халықаралық әйелдер күні қарсаңында сүйіктісі ұсыныс жасады. 

СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткеннің есімі – Юлия. ЕС-164/6 мекемесіне былтыр түскен. Ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Әлі екі жылы бар. Жігіті Андреймен 2019 жылдан бастап кездеседі. Екеуі университетте оқып жүргенде танысыпты. Кейін Юлия жаза басып сотталғанда, Андрей оны күтетінін айтқан. Бостандықта жүргенде сүйіктісіне үйлену жөнінде ұсыныс жасап үлгермеген жігіт, мереке қарсаңында бойжеткенге тосын сый жасады. Қоңырау шалып, сезімін білдіріп, күйеуге шығуын сұрады. Юлия «ия» деп жауап берді

 «Мен жігітімді қатты жақсы көремін. Ол мені бостандықта күтіп жүр. Болашағымды тек Андреймен ғана көремін. Жақында екеуміз мекемеде некеге отырамыз. Бұл біз үшін ең маңызды күндердің бірі болмақ. Бостандыққа шыққасын жаңа өмірді бастаймыз. Көп балалы ана болғым келеді», - деді бақытқа бөленген Юлия. Былтыр СҚО-да жазасын өтеушілер арасында 30 неке қиылған екен.


 

 

261 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *