Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 06 Наурыз, 2021

"Үйде отырып ақша табу" синдромы

Бос уақытында инстаграмды ашпайтын адам жоқ шығар, сірә?! Мен де бір күні телефоныма кіріп кетердей, инстаəлемді шарлап отырсам, түрлі хаттар түсіпті. Ондағы келген хаттар: «Интернет көмегімен ешқайда шықпай ақша табу», «үйде отырып табыс тапқыңыз келсе» болмаса «жұмыс әлеуметтік желіде, тіркеліңіз».

Қазіргі таңда осы сауалдар сіздің де ойыңыздан шықпай жүрген шығар? Əлеуметтік желілердегі осындай жарнамалар мені де мазаламай қоймады. Иә, мүмкін бұл да әлдекімге табыс табудың шынайы көзі шығар. Интернетпен жұмыс жасап, өзінің жеке бизнесін дамытып жатқандар өте көп десек те болады. Әрине, олардың біршамасы бала босанған үйдегі қыз-келіншектер, белгілі бір мамандық дипломы жоқ жандар, қосымша табыс тапқысы келетін ер азаматтар және т.с.с. Әлеуметтік желі арқылы қандай жұмыс жасауға болады деп ойлайсыз?

Біз виртуалды əлем арқылы табыс табу жолдарын зерттеп көрдік.  

1. Инстаграм немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы өз тауарларын сату;

2.Қоғамда орын алып жатқан оқиғаларды күлкі видео ретінде немесе басқаша айтқанда вайн түсіріп, вайнер болу;

3.Ютуб желісіне де түрлі видеолар салып көрермен санын көбейту арқылы;

4.Программалар жазу, фотошоп программаларды жақсы білсеңіз түрлі сайттарда тапсырыстар орындау;

5.Сайттар ашып,  сайттағы қолданушылардың санын арттырып, жарнама қою арқылы табыс табуға болады екен.

Бұл да бір үйде отырып ақша табудың синдромы десек те болады. Қазіргі карантин кезінде тіпті бұлардың дәурені жақсылап жүріп жатқанын көріп отырмыз. Онлайн сабақ беріп, онлайн семинар өткізіп ақша тауып жатқандар бар.

Ал, сіз үйде отырып ақша табуды қалай түсінесіз? Мына жағдайларға қарап отырсақ,  тіпті жоғары оқу орнында оқыған  оқуымызға кеткен уақытымыз текке кетіп қалғандай көрінеді. Алайда, бұндай табыс табу нағыз маңдайың терлеп,  еңбекпен тапқан табысқа жетпейді деп ойлаймы. Тіпті, интернет арқылы алаяқтықпен айналысып, ақша табатындар да баршылық. Қарапайым халықты өтірік жарнамалар мен ұтыс ойындарымен алдап, тақырға отырғызып кететіндерді де көріп жүрміз. Сондықтан да, мүмкіндігінше, белгілі бір маман иесі болып, тамаша таза табыс көзін тауып отыруға не жетсін?!

 

Құралай ЖАНДАРБЕК

«Тұран» университетінің студенті

 

662 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *