Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 07 Наурыз, 2021

Германияда коронавирусқа қарсы экспресс-тест сатыла бастады

Германиядағы ірі дүкендер желісінің бірінде коронавирусқа қарсы экспресс-тест сатыла бастады. Бір қорапта 5 тест бар. Оның құны 25 еуро. Әр адам бір ғана қорап ала алады. Үкімет бұл шара елдегі індетке қарсы шектеулерді бәсеңдетуге көмектесетінін айтады. Германияда карантин наурыздың 28-іне дейін ұзартылған. Бірақ әр аймақ эпидемиологиялық ахуалға байланысты тыйымдарды жеңілдете алады. 

Кристиан Коул, жергілікті тұрғын: 

- Мен дүкенде экспресс-тест сатылып жатқанын естіп, оны бірден алуды шештім. Бұл өзіңнің вирус жұқтырғаныңды тез анықтап, тиісті шаралар қабылдауға көмектеседі.

 

 

866 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз