Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 07 Наурыз, 2021

8-наурыз мерекесіне сыйлық таңдадыңыз ба?

Шұғылалы көктемнің ең маңызды мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне өте аз уақыт қалды. Ал бұл мерекеге дайындық сұлуларымызға сыйлық дайындаудан басталады. Әрине, нәзік жанды аруларға қандай сыйлық тарту етсе де, жарасады. Әйтсе де, сыйлықты жасына, талғамына қарай беру сыйлықтың сәтті таңдалуына ықпал етеді. Осы орайда біз 8-наурыз мерекесіне арналған сыйлықтардың ерекше әрі қолжетімді идеяларын ұсынамыз.
 
1. Гүл - көктемнің символы. Бұл күні аруларға гүл сыйлау ешқашан сәннен шыққан емес. Әйтсе де, гүлді сыйлар алдында оның түрі және түсін таңдай білген жөн. Мысалы, қызыл түсті гүл махаббат, құмарлықты білдірсе, ақ түсті гүл тазалық пен іңкәрлікті, ал жасыл түс үміт мағынасын білдіреді. Сонымен қатар, әр гүлдің өзіндік символикасыны мән беру қажет. Мысалы, көпшілік ұнататын раушан гүлі ғашықтықты, нәркәс гүлі құрметті, бөртегүл алғашқы махаббатты, ал магнолия тәкаппарлықты білдіреді екен. Егер гүлді әжеңізге не анаңызға сыйлауды ойласаңыз, онда мәдени гүлдерді де қарастырсаңыз болады.


2. Шарф - бұл аяулы әже, ана, ұстаздарымыз үшін таптырмас сыйлық. Жаңбырлы да, желді ерте көктемде шарф мойынды жылу ұстап қана қоймай, өте сәнді көрінері сөзсіз. Ең бастысы шарфтың түсі ашық болғаны дұрыс. Арнайы дизайндегі гүлді не өзге де бейнелері бар шарфтарда аналарымыздың мойнында әдемі көрінеді. 


3. Сөмке - сәнқой қыз-келіншектер үшін ең ұтымды сыйлық. Көктемдік образға сәйкес ерекше дизайндағы сөмкелер сұлуларды қуантары сөзсіз. Көктемнен кейін жаз мезгілі болғандықтан сөмкенің пішіні кішкентай және түсі ашық болғаны абзал.


4. Сертификат - нәзік аруларды ерекше қуантатын сыйлықтардың бірі. Мысалы, сұлулық салонына, фитнеске, театрға, кинотеатрға мейрамханаға т.б. түрлі орындарға арналған тегін сертификаттар әпке-қарындастарыңыз 2-3 сағаттай демалыс сыйлайды.


5. Қойын дәптер - үнемі ізденісте жүріп, әр күнін жоспарлайтын іскер әйелдер үшін керемет сыйлық. Қазір танымал бизнестегі тұлғалардың авторлық күнделіктері көп сатылымда. Мұндай күнделіктердің ерекшелігі автордың мотивациялық алғысөзімен басталып, әрбір күнге кеңес пен нұсқаулық беріледі.

 
Ең бастысы, қандай сыйлық берсеңіз де шын көңілмен, таза ниетпен сыйлаңыз! Сол бір аяулы жанға сыйлықпен қатар жылы сөз айтуды да ұмытпаңыз!

Ақерке Сабырқызы

1100 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз