Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 07 Наурыз, 2021

Əйелдің бір ғана міндеті бар...

Әйелдің бір ғана міндеті бар – шуақ шашу! 

Күш-қуатты жинау мен сақтау – әйелдің басты миссиясы. Ері үйге оралғанда сол қуаттың қайнарына бас қойып, өзінің күшін еселейді. Ер адамға шаршап қалған әйелдің түк қажеті жоқ. 

Үй тірлігін тек әйелдің мойнына артып қою дұрыс емес. Үйге келгенде әйелінен қуат алмаған еркектің ісі өнбейді. Жұмыс істейтін әйелдің қуаты жан-жаққа шашырап кетеді. Мейлі тіпті ол үй тірлігі болса да. Әйелде қуат болмаса, еріне де бере алмайды. Кейде қажетсіз кезде үй сыпырудың өзі ерінің ісіне кедергі келтіруі мүмкін. Әйелдің міндеті тек өзінің күш-қуатын еселейтін іспен айналысу. Әйел не нәрсені де тек көтеріңкі көңілмен істеуі тиіс. Егер үй тірлігі оның көңілін көтермесе, оны істеп қажет емес. Әйел қаласа, сурет салсын, қаласа кесте тіксін. Қаласа, ән салсын. Қаламаса, ештеңе істемесін. Әйелдің басты міндеті – отбасының көңіл күйін келтіріп, нұр шашып тұру. Күш-қуаттың қайнары болу. 

Кей азаматтар әйелін сөгіп жатады: «Күні бойы айнаның алдын бермейсің, одан да тірлік етсең болмай ма» деп. Әйел деген құнарлы топырақ. Еркек дән. Топырақ құнарлы болу үшін қыста демалу керек, көктемде оянуы, жазда жайнауы, күзде жемісін жинауы тиіс. Әйелдің ерекшелігі осы. Әйелдің көңіл күйін көтеру үшін айнадан артық не бар? Ол өзіне көңілі тоқ болса ғана еріне қуат сыйлайды. Жақсы күйеу – әйелін дер кезінде мақтай алатын еркек. Сонда әйел жайнап, жасарып, бар тірлікті істеуге ниетті бола салады. 

Әйел – отбасының ұйытқысы. Әйел – отбасының ошағы. Отсыз ол қандай ошақ болмақ? Бұл әлемде әйелдің күш-қуатынан мағыналы ұғым жоқ. Оның сыйлар қуатын ешбір ақшаға сатып ала алмайсың. Сондықтан жиған-терген  дәулетті, байлықты, тыныштықты да, еркіндікті де, кейде өмірдің өзін де әйелдің табанына тастайтындар бар. 

 

Ежелгі қытай трактаттарынан

Аударған Шынар Әбілда

 

1364 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз