Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 07 Наурыз, 2021

Өскеменде өртенген үйде қалып қойған мүгедек əйел құтқарылды

Өскемен қаласында өрт шыққан жер үйден мүгедек әйел құтқарылды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қызыл жалын Дмитров көшесінде шыққан. Мұны байқап қалған көршілердің бірі шұғыл өрт сөндірушілерге қоңырау шалған. 

«Оқиға орнына келген құтқарушылар жанып жатқан үйге кіріп, мүгедек әйелді сыртқа алып шықты. Бірден ол жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.

 Көп ұзамай өрт сөндірушілер жалпы аумағы 90 шаршы метрді шарпыған жалынды ауыздықтады. Осылайша, үйге жапсарлай салынған шаруашылық қора-жайларға оттың таралуына жол берілмеді.

 Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін. 

Осы ретте, ТЖД мамандары электр аспаптары мен электр сымдарын жарамды күйде ұстап, электр желілерін шамадан тыс жүктемеу керектігі туралы еске салады.

Сондай-ақ өрт шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112»телефондарына хабарласу қажет.


 

 

531 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз