Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Наурыз, 2021

Әйел. Миссия – әлемді көркейту

Жыл сайын қазақстандық әскердегі әйелдер өздерінің позицияларын нығайтуда. Заңгер, қаржыгер, телефонист және психолог қана емес, басымбөлігі оларға тән емес мамандықтарды игеруде. Нәзік жандылар ұшақтарды басқарып, кемелерде қызмет атқарып, нысананы дәл көздейтін мергендерге айналды. Олардың арасында ерекше бітімгершілік миссияны атқарып жүргендерде бар.

Полковник Диля Ахметова, майор Шолпан Тәуішова, капитандар Айжан Жасұзақова мен Римма Шәкеева бейбітшілік орнату мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосты.

2018 жылы майор Шолпан Тәуішова алғашқы бітімгер әйел атанған. Бір жыл бойы ол БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы миссиясында әскери бақылаушы ретінде қызмет етті. 2019 жылдың ақпан айында оны капитан Айжан Жасұзақова алмастырды.

Полковник Диля Ахметова БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштер құрамында Ливан Республикасына штаб офицері ретінде жіберілді.

Бітімгершілік миссия құрамындағы әйелдердің рөлі өте маңызды. Олар ер-азамат әріптестерімен қатар, барлық жағдайды бастарынан өткеріп, өздерінің біліктіліктерін көрсете білді.

Майор Шолпан Тәуішова миссияны атқару кезінде, қатты толқығанын және өзіне үлкен жауапкершілік артылғанын атап өтті.

- Мен өз күшімді сынап, бітімгершілік миссиялар туралы көбірек білуге мүмкіндік алдым. Міндетіме аумақты патрульдеу мен екі ел арасындағы келісімінің сақталуын бақылау кірді. Бітімгершілік миссияға қатысуым менің көмек көрсету мен шұғыл ден қою мәселелеріне қатысты ой-өрісім кеңейтті. Сондықтан Батыс Сахарада алған тәжірибем маған көмектесті деп сеніммен айта аламын, - деді Шолпан.

Әйелдердің бітімгершілік операцияларға қатысуы олардың тиімділігі мен қабілеттерін біршама есе арттырады. Олардың миссиялары - сенімді нығайту және қақтығыстардың алдын алу мен жеңілдетуге көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар олар басқа нәзік жандылар үшін өздерінің құқықтарын қалай қорғау керектігі мен оларға тән емес мамандықтарды игеруде үлгі болып табылады.

Майор Шолпан Тәуішова, бітімгер әйелдердің басты міндеті – мейірім мен адамгершілік қасиетті басты қару ретінде қолданып, адамдардың жүрегін жаулауға болатынына сенімді. Ал қазақстандық әйелдерде аталған қасиеттер жетерлік.

 

477 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз