Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 08 Наурыз, 2021

Мажарстанда қайтадан локдаун басталды

Бүгін Мажарстанда пандемия басталғаннан бергі ең қатаң шектеу шаралары күшіне енеді.

«Жетінші сәуірге дейін елдегі балабақшалар мен бастауыш мектептер жабылады. 22 наурызға дейін қызмет көрсету кәсіпорындары, азық-түлік пен дәріханаларды қоспағанда, барлық дүкендер жұмысын тоқтатады. Өткен демалыс күндері Будапешт қаласында және басқа да ірі қалаларда сатып алу белсенділігінің өсуі байқалды. Супермаркеттер мен жиһаз дүкендері жанындағы автотұрақтарда бос орын болған жоқ», - деп жазды Euronews. Жаңа шектеулер туралы ел билігі бейсенбіде коронавирус инфекциясы саны өсіп жатқанда жариялады. Үкімет кәсіпорын басшыларын (мүмкін болған жерде) қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне ауыстыруға шақырды. Мажарстан шекараларында қатаң бақылау енгізуге ниетті, бірақ жүк пен транзит тасымалдар шектелмейді. Елде халықты вакциналау бойынша белсенді науқан жүріп жатыр. Қазіргі уақытта онда бес препарат қолжетімді: американдық-германдық консорциумнан Pfizer-BioNTech, американдық компаниядан Moderna, британдық-шведтік AstraZeneca, ресейлік «Спутник V» және Қытай екпесі.

 inform.kz 

1082 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз