Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Наурыз, 2021

Мемлекет басшысының таңғы серуендегі фотосы жарияланды

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының таңғы серуендегі фотосымен бөлісті.

«Тамаша күн. Таңғы серуен», делінген жазбада. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауында: «Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізуде. Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін», – деп жазды.

 

578 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз