Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Наурыз, 2021

Елімізге қанша ветеринарлық пункт қажет?

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы мен өңірлік стандарттар жүйесіне типтік ветеринариялық пункттер құрылысы индикаторын енгізу туралы депутат сауалына жауап берді.

«Бүгінгі таңда өңірлерді типтік ветеринариялық пункттермен қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрігі мен жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық пункттерге, станцияларға талаптар әзірленуде. Олардың жобалары мақұлдау сатысында тұр. Қорытындылары бойынша ветеринариялық пункттердің қажетті санына талдау жүргізіледі, қаржыландыру мәселелерін шешу және «Ауыл-Ел Бесігі» жобасы аясында оларды салу мүмкіндігімен 2025 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізу көзделген», - деп жауап берді Асқар Мамин депутаттық сауалға. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар аудандарда 203 ветеринариялық станция, ауылдық округтерде – 2 319 ветеринариялық пункт құрды. «ЖАО деректеріне сәйкес, аудандардағы ветеринарлық дәрігерлердің 3 122 штаты бар, оның ішінде 1 055 ветеринарлық маман (34,7%) және 2 067 қосалқы маман (65,3%) бар. Ауылдық округтердің ветеринарлық пункттерінде 10 485 штат бар, оның 9 459-ы ветеринарлық мамандар (91%)», - деп түйіндеді Премьер-министр.

inform.kz 

351 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз