Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 09 Наурыз, 2021

Жол жөндеу енді қатаң бақыланатын болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан автожол жобалары бойынша техникалық қадағалау қызметі туралы кеңес өтті.

Талқылауға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК өкілдері қатысты.

Кездесу барысында техникалық қадағалау қызметін бағалау жүйесін әзірлеу ұсынылды. Бұл рейтинг жоба бойынша сапалы жұмыс жүргізуге техникалық қадағалауды жүзеге асыратын инженерлердің қызығушылығын арттырмақ. Сонымен қатар, техникалық қадағалауды дербес жауапкершілікке тарту тетігі бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде мердігер ұйымдарды ғана емес, техникалық қадағалаудың инженерлік компанияларын да, кепілдік кезеңінде ортақ жауапкершілікті бекіту бөлігінде Қазақстан заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсынысқа бастамашылық ету мәселесі көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, техникалық қадағалау автомобиль жолдарының құрылысы мен жөнделуіне бақылау жасайды, сондай-ақ техникалық құрылғылардың көмегімен жол төсемін орнату технологиясының сақталуын бақылайды.

412 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз