Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Наурыз, 2021

Енді жұмыс орнында сізді ешкім кемсіте алмайды

Елімізде педагогтер мен медицина және фармацевтика қызметкерлері ғана жұмыс орнындағы кемсітушіліктен заң жүзінде қорғалған — деп атап өтті халықаралық заңгер Аяжан Ойратова, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы ұйымдастырған қоғамдық талқылауда.

Қазақстанда педагог, медицина және фармацевтика қызметкерлері ғана  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (80-1 және 409-баптар) шеңберінде жұмыстағы әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсету, лайықсыз мінез-құлық пен құрметтемеушіліктен қорғалған. Бірақ бұл бап тек өз міндеттерін орындау кезінде ғана басқа тұлғалар жасайтын  әбес әрекеттерге тыйым салады. Елімізде қалған азаматтар харассменттен қорғалмаған», -  дейді Аяжан Ойратова.

            Халықаралық әйелдер күніне орай, «Қазақстанда харассмент үшін жауапкершілікті енгізу» деген тақырыпта өткен талқылауға заңгерлер, қоғам өкілдері мен журналистер қатысты. Сарапшылар харассмент бойынша шет елдердің заңнамасына, Қазақстанның қылмыстық және Әкімшілік заңнамасы бойынша сот практикасына, сондай-ақ жұмыс орнында және қоғамдық орындарда харассментті дәлелдеу тәсілдеріне талдау жасады.

         Аяжан Ойратованың айтуынша, «жыныстық бопсалау» дегеніміз жыныстық белгісі бойынша әйелдерге қатысты кемсітушілік, қадір-қасиетіне қол сұғып құқығын бұзу, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың бір түрі. Жаңа Зеландия, Испания, Германия және АҚШ сияқты бірқатар шет елдерде де «жыныстық бопсалау» адамның қадір-қасиетін қорлау және кемсіту болып саналады. Егер біреу сіздің қалауыңызсыз денеңізге рұқсатсыз қол тигізсе, сексуалдық сипаттағы басқа да ауызша немесе физикалық күш қолданса, құшақтап, иіскесе, бұл – харассмент деп түсіндірді заңгер. 

Қоғамдық талқылау барысында қатысушылардың 60 пайызы   харассмент құқық бұзушылық ретінде Қылмыстық Кодекс бойынша  жазалануы керек деген ортақ пікірге келді. Сондай-ақ, қатысушылардың көпшілігі «cексуальное домогательство» деген терминді «харассмент» (77%) сөзінің орнына енгізу, ал қазақ тіліне «жыныстық бопсалау» (59%) деп аудару қажет деп санайды.

440 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз