Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 09 Наурыз, 2021

2,4 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сенсек, 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түрікменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды. 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі - 58,4%, еңбекке қабілетті жастан кіші - 24,3% және зейнеткерлер -17,3%.


 


 

599 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз