Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 11 Наурыз, 2021

Баға қалай өзгерді?

Биылғы ақпанды қаңтармен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы 3,1% жоғарылады деп хабарлайды Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.

Өткен айда өндіруші кәсіп­орындар бағасы тау-кен өндіру саласында бағаның мұнайға – 5,8%, көмірге – 1,3%, металл кендеріне 0,9% жоғарылауы байқалды.

Өңдеу саласында баға қара металдар илегіне – 4,4%, мысқа – 2,6%, ферроқорытпаларға – 0,5%, алюминийге және қорғасынға – 0,6%-дан, мырышқа – 0,5% жоға­рылады. Мұнай өнімдерінен мазут және бензинге – 3,2%-дан, дизель отынына – 2%, сұйытылған пропан және бутанға – 1,4% қым­баттады.

Азық-түлік өнімдерінен кәсіп­орындарда баға өсімдік майына – 4,5%, қара бидай ұнына – 3,3%, бидай ұнына – 2,6%, нанға – 0,8%, жармаларға және сүт өнімдеріне – 0,5%-дан, мал етіне және қантқа – 0,4%-дан, құс етіне 0,3% жоғарылады, күрішке 2,2% төмендеді.

Баға электр энергиясымен және сумен жабдықтауда суды бумен және ыстық сумен құбырлар арқылы жабдықтау бойынша қызметтерге – 0,7%, бөлу бойынша қызметтерге 0,3% жоғарылады.

1258 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *