Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 13 Наурыз, 2021

Алматыда ұшақ апатқа ұшырады

Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға әуежай маңындағы Қызылту ауылының маңында болған. Апат кадрлары желіде пайда болды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы әуежайы маңында Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы ҰҚК Шекара қызметінің AH-26 ұшағы құлады. Бортта 6 адам болған.

Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Сағат 17:20 шамасында байланыс үзілді. Бірден дабыл жарияланды. Біздің барлық қызмет сол жерге аттанды. Ұшақ жолаққа жетпестен құлап түсті", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Кадрларда ұшақтың түтіндеп жатқан сынықтары көрінеді. Айналасында өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.

«Жолаққа енді кірген едік, жарылыс болды», — дейді видео авторы.

35396 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз