Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 19 Наурыз, 2021

Алматы: «Алтын орда» маңындағы кептеліс көріністері

Алматылықтар да, облыс тұрғындары мен қонақтары да «Алтын орда» базары маңындағы кептелістен шаршап бітті. Әсіресе, таңертен және кешкілік уақытта кептелісте сағаттап тұрып қалады. Бұл мәселені барынша шешуді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  осы аптада өткен Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңесте барынша қадап айтты.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Орда» базары жанындағы жол айрығының құрылысын сынаған болатын. - Бұл – әсіресе, қала іргесіндегі елді мекен тұрғындары үшін ең өзекті мәселенің бірі. Мұны жұртшылық қала әкіміне талай рет айтқан. «Алматы – Бішкек» тас жолының осы жерден өтетін бөлігі былтыр салынып бітуге тиіс болатын. Қажетті қаражат толық бөлінген. Бірақ әлі нәтиже жоқ.

Ал көлік жүргізушілері бұл жолмен амалсыз қатынайды. Күре жолдың бойындағы ұзақ жылдарға созылған кептеліс жыл соңына дейін жеткелі тұр. Президент тапсырмасы уақытымен орындалса, көпке қуаныш сыйлар күн де алыс емес...

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

 

3066 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз