Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 24 Наурыз, 2021

Алматыдағы Бас ботаникалық бақта галантус гүлдеді

Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақта галантус гүлдеді. Қазір әлеуметтік желіде қала тұрғындары гүлдің әдемі суреттерімен көптеп бөлісуде. Біз де аталған жерге барып, топталып шыққан "бәйшешек" гүлдерін суретке түсіріп қайтқан едік. Бас ботаникалық бақтың ақпаратынша, бұл түр Еуропадан Қазақстанға ботаникадық бақтар арасындағы коллекциялармен алмасу шеңберінде Кеңес Одағы заманында интродукцирленген. (Интродукция дегенеміз-кез-келген өсімдік түрлерін олардың табиғи тіршілік ету ортасынан тыс жерлерге ауыстыру)

Галантус - Амариллидалар тұқымдасының көпжылдық шөптесіндер тұқымдасы. Табиғи шығу тегі бойынша 19 түр мен екі буданды қамтиды. 

Өсімдіктің ғылыми атауы латындандырылған грек тіліндегі γάλα (gála) және ἄνθος (ánthos) сөздерінен қалыптасқан, олар гүлдердің түсімен берілген «сүт гүлі» деп түсінуге болады.

Гүлді халық арасында «Бәйшешек» деп атауы ерте гүлденуімен байланысты. Галантустың гүлдері ерте көктемде қар астынан бірден пайда болады және ұзақ өмір сүрмейді (бір айдан аспайды). 

Галантус Алматының Бас ботаникалық бағына тамыр жайғаны соншалық, олар жыл сайын ауа-райының құбылмалы болуымен жергілікті климаттан қорықпай, гүлдеуімен қуантуда. 

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

3067 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз