Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 31 Наурыз, 2021

Еврейлердің данышпан болуының 5 құпиясы

Атақты Альберт Эйнштейн, коммунистік идеологияның жаршысы болған Карл Маркс, адам санасын зерттеу арқылы психологияның жаңа теориясын жасаған Зигмуд Фрейд және физиканың атасы Исаак Ньютон. Дүние жүзінің тарихын өзгерткен осы төрт мәртебелі адамда ортақ бір нәрсе бар. Олардың барлығы – еврейлер. Олар қазіргі ғылымның, психологияның және әлеуметтанудың негізін қалады. Еврейлердің жетістігі тек осы адамдармен аяқталған жоқ.

Еврейлер әлем халқының 0,025 пайызын құрайды және Нобель сыйлығының иегерлерінің шамамен 30 пайызы – еврей ұлтынан. Сонымен қатар еврейлер инновациялар мен жаңа технологиялар индустриясындағы әлемдегі ең ірі инвестор болып табылады.

Олар қалайша әлемдегі ең басты кейіпкерге айналды?

Мұның басты құпиясы - адамның кім екенін және оның қандай адам болатынын шешетін білімде екен.

1. ҚАНДАЙ БІР НӘРСЕНІ ҮЙРЕНУ- БАЛДАН ДА ТӘТТІ ЕКЕНДІГІН БАЛАЛАРҒА СЕЗІНДІРЕДІ.

Ол үшін балаларға оқудың қаншалықты қызықты және көңілді болатынын, білмеген нәрсесінің сырын ашып білудің қаншалықты қызықты, тамаша әрі жағымды болатындығын алдымен түсіндіреді. Мұны түсіндіру үшін еврей балалары мектепке алғаш келген күннен бастап еврей алфавитінің 22 әрпіне араның балын жағып жаттатады екен. Тіпті кейбір мектептерде әріптерді тәтті торттармен орап жегізетін дәстүрі де бар.

Бұл білім берудің жасырын сыры, еврейлердің данышпан болуына әсер етін құпиялардың бірі дейді.

2. БІЛІМДІ БЕРГЕНДЕ ЖАТТАУ ЕМЕС, ӨЗІ ТАНЫП, ТҮСІНУГЕ ҮЙРЕТЕДІ.

«Бір балық берсең, онымен сол күні күн көруге болады, ал балық аулау өнерін үйретсең, өмір бойы жақсы өмір сүреді» деген еврей ілімі бар.

Балықтың мағынасы - бұл білімді үйрететін сөз тіркесі, бір нәрсені үйретерде оны жаттатып қою емес, оның түпкі мағынасын түсініп, толық игертуді, оны жасап үйренуді үйретеді. Басқаша айтқанда, оларға тура дұрыс жауапты айтудан гөрі, дұрыс жауапты өздері таба білетін өнерге үйретуге тырысады.

3. ҚАНДАЙ БОЛСА ДА, БАСЫН ІСТЕТУ АРҚЫЛЫ ЖАСАП ҮЙРЕНУГЕ БАУЛИДЫ

Еврейлердің қиын жағдайда сене алатын жалғыз нәрсесі - білімі. Олардың жалғыз мүлкі пен байлығы тек білім болып саналады. Сондықтан еврей балалары ата-аналарының әрқашан «Басыңды істет!» деген сөзін естіп өседі. Жасынан миын жұмыстатып өмір сүреді, және оған еврей сияқты өмір сүріп жатырмын деп сенген.

Сондықтан еврейлер балаларын басқалардан жақсы бала етіп емес, олардан мүлде өзгеше бала қылып тәрбиелейді. Еврей деген сөз «қарсы бетте жалғыз тұру» деген мағына береді деп көреді. Бұл мысалға қарағанда, «өзін-өзі толық ашу» қағидаты еврей педагогикасының құпияларының бірі болып табылады.

4. СҰРАҚ ҚОЯТЫН БАЛА

Еврейлердің көптеген өнертабыстарда, жасампаздық пен жетістіктерде ақыл-ойдың көшбасшысы болуының құпиясы, олардың сонау бес мың жылдан бері әрнәрсеге қатысты көп сұрақтар қойып келе жатқандығына байланысты деп те есептеледі. Сұрақ қою барысында жеке адамның тәуелсіз ақылы мен шығармашылық ақыл-ой жүйесі дамиды. Сондықтан еврей аналар баласы мектептен келген кезде «Өте жақсы баға алдың ба, жақсы оқыдың ба?»,-дегеннен гөрі «Сен ұстазыңа қандай жақсы сұрақ қоя білдің?»,-деп сұрайды.

Сұрайтын және жауап беретін білім - еврейлердің білім алуының, еврей балаларының дамуы мен қалыптасуы, еврей балаларының артықшылығы, еврей білімінің құпиясы екен. Білуге кедергі болатын қабырға - сұрақ қоймау, үнсіз болу деген еврей сөзі бар.

5. ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА ЕСТІГЕН ЕРТЕГІЛЕР БАЛАНЫҢ ҚИЯЛЫН БАЙЫТАДЫ

Еврейлерде керемет қиялға ие атақты жазушылардың көп болуы, олардың жас кезінде ойлау қабілетін дамытатын ертегілер мен мифтерді көп естіп өсуіне байланысты деп айтады. Ұйықтар алдындағы анасының айтып берген ертегілері баланың жүрегін жаулап алады және олардың өзара болған әңгімелері бала өскен кезде де сенімге толы жылы қарым-қатынастың өмір бойы терең сақталуына негіз болады.

Қарыз беруден бас тартуға болады, бірақ кітап беруден бас тартпаңыз деген сөз бар. Еврей балалары да ертегі тыңдап өсумен қатар кішкентайынан көп оқиды. Олардың баласына кітапты жақсы көру және үй жұмысын жақсы орындауды үйрету тәсілі - өздері үлгі болуында. Олар баласының сабақты жақсы оқу әдеті ата-анаға, үлкендерге еліктеуден басталады деп санайды.

a-toishybai@mail.ru сайтынан аударған

Амантай Тойшыбекұлы

(Бибібатима Қадырованың фб парақшасынан)

 

 

1597 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз