Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 03 Сәуір, 2021

COVID-19: Бейжіңнің 10 миллионнан астам тұрғыны екпе салдырды

Бейжіңде 10 миллионнан астам тұрғын коронавиурс вакцинасын салдырды, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл жайында денсаулық сақтау жөніндегі муниципалдық комитет мәлімет таратты. 2 сәуірдегі мәлімет бойынша, жалпы 16,05 млн доза вакцина қолданылған. Қаланың 10 млн астам тұрғынына екпе жасалды. 

Оның ішінде 6,04 миллионы - вакцинаның екі компонентін де алып үлгерсе, қалған 3,96 млн адам - бірінші дозаны салдырған. Екпе алғандардың 9,33 миллионы - 18 бен 59 жас аралығындағы адамдар. Бейжіңде жасы 60-тан асқан 670 мыңнан астам тұрғын вакцина жасатқан, оның ішінде жасы 90-нан асқан 551 адам бар. 

Бүгінде Бейжің халқының саны 21 миллионнан асады.


 

 

590 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз