Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 06 Сәуір, 2021

Вапоретто кемесі вакциналау орталығына айналды

Венециядағы танымал қоғамдық көлік Вапоретто кемесі вакциналау орталығына айналды. Өйткені жасы үлкен кейбір тұрғындар денсаулығына байланысты екпе салдыратын орындарға жете алмайды. Оның үстіне вирус жұқтырып алудан қорыққан жұрт жүріс-тұрысын шектеген. Сондықтан кеме жағалауға аялдап, егде жастағы тұрғындар тура су көлігінің ішінде екпе қабылдай алады. 

Эдгардо Контато, Венеция денсаулық сақтау басқармасының өкілі: 

- Біз Сант-Эразмо аралындамыз. Мұнда жасы 80-нен асқан тұрғындарға вакцина салынып жатыр. Олардың арасында денсаулығына байланысты екпе орталығына келе алмайтын қарттар бар. Осы ретте Вапоретто вакциналау орталығына айналдыру шешімін қабылдадық. Сонда егде жастағы тұрғындар алыс жерге бармай-ақ екпе салдыра алады.

 

 

582 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз