Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 06 Сәуір, 2021

Түрксой саябағы ашылды

Түркия Республикасының Хатай қаласы, Эрзин ауданында түркі әлемі елшілерінің қатысуымен ТҮРКСОЙ саябағы және түркі елдері Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме ашылды.

Айтулы шара түркі елдерінің мемлекеттік гимндері орындалып, мемлекеттік туларын көтеруден басталды.

Жиынға ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Хатай мэрі доцент, доктор Лутфю Саваш, Эрзин облысының губернаторы Осман Демир, Әзірбайжанның Түркиядағы елшісі Хазар Ибрагим, Қырғыз Республикасының Түркиядағы елшісі Кубанычбек Омуралиев, Өзбекстанның Түркиядағы елшісі Алишер Агзамходжаев, Түрікменстанның Түркиядағы елшісі Ишанкули Аманлыев және Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің кеңесшісі Асхат Даутов қатысты.

644 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз