Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 06 Сәуір, 2021

Солтүстік Корея Олимпиадаға қатысудан бас тартты

Солтүстік Корея биылғы жазда Токиода өтетін Олимпиадаға қатыспайды. Бұл туралы осы елдің Спорт министрлігі мәлімдеді. Ресми Пхеньян дүбірлі додадан бұл жолы коронавирусқа байланысты бас тартып отыр.

Айта кетейік, Солтүстік Корея 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиадаға қарсы бойкот жариялаған болатын. Токиодағы Олимпиада ойындары 23 шілдеде басталуы тиіс екенін естеріңізге сала кетейік.

Като Кацунобу, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы: - Солтүстік Кореяның Токио Олимпиадасына қатыспайтынын ақпарат құралдарынан білдік. Бұл жағдайды жіті қадағалаймыз. Ал Жапон үкіметі Олимпиада кезінде инфекцияны бақылау жұмысын жетілдіре бермек, - деп мәлімдеді.

 

752 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз