Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 07 Сәуір, 2021

16 тойхана қызметін басқа бағытқа ауыстырды

Қызылорда облысында 16 тойхана қызметін басқа бағытқа ауыстырды. Арал ауданындағы «Ханшатыр» тойханасы биылғы ақпан айынан бастап «Алматы сити» аралас сауда орталығы ретінде жұмыс жүргізеді. Кәсіпкер Ғазиз Камалов оыслайша 16 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сауда орталығында аудан тұрғындарына қажетті барлық киім-кешек, балаларға арналған ойыншықтар, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық заттар сатылады. 

Қазалы ауданындағы «Рау Илья» тойханасы «Мүслім» қоғамдық тамақтану орнына бет бұрған. Бұл қоғамдық тамақтану орнының бір ерекшелігі ұлттық нақышта жабдықталған. Жүз адамдық тамақтану орнында кәсіпкер 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сондай-ақ, «Алатау» мейрамханасы да осы жылдың наурыз айынан бастап супер маркетке бағытталып, жұмысын жалғастыруда.

«Мұндай орындардың облыстың Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында және Қызылорда қаласында тіркелген. Атап айтқанда, Аралда - 4, Қазалыда -5, Қармақшыда - 6, Қызылордада - 1 тойхана қызметін басқа бағытқа ауыстырды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасынан. 

 

182 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *