Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Сәуір, 2021

Еліміздің тоғыз облысында республикалық жедел штаб құрылды

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 1 тұрғын үйді және үй маңындағы 3 аумақты су басты. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметі бойынша республика бойынша жағдай тұрақты. 

Азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының іс-қимылын үйлестіру үшін 9 өңірде республикалық жедел штаб құрылды. Олар Нұр-Сұлтан мен Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, барлық аймақта су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

487 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз