Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Сәуір, 2021

БҚО-да түнгі сағат он екіден таңғы алтыға дейін қозғалыс шектеледі

Жаңа қаулыға сәйкес енді тұрғындар жеке көліктерімен тек шұғыл жағдайлар бойынша ғана шыға алады.

Мысалы, медициналық мекемеге баруға, дәріханалардан дәрі-дәрмек сатып алуға ғана рұқсат берілмек. Түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер «109» телефоны бойынша өтініш қалдыруы немесе STOPCOVID.KZ сайтына тіркелуі тиіс. Сондай-ақ сауда үйлері мен өзгеде орталықтар, сұлулық салондары жексенбі күндері ғана жұмыс істемейді. Жаңа қаулы сәуірдің 9 бастап күшіне енеді.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

- Жағдай өте күрделі. Соңғы аптадағы салыстырмалы түрде қарасақ бізде облыста 21%-ке коронавирус инфекция өсті. Мектептегі оқушылар санын 15 балаға дейін қамтылатыны айтылды. Тамақ дүкендерін де түнгі 11-ге дейін қойдық. Себебі сағат түнгі 00:00-ден бастап көп адамдардың жүруіне шектеу қойылған болатын.
 

409 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз