Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Сәуір, 2021

Шығыс Қазақстанның 2 ауданында тасқын қаупі жоғары

 Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті және Алтай аудандарында тасқын қаупі жоғары.

Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Әмрин тасқын қаупі сейілмеген 171 елді мекеннің ішінде қай ауылдарда қатер көбірек екенін мәлім етті.

«Наурыз айының аяғында Шығыс Қазақстан облысында әуеден бақылау жүрігізіп, Көкпекті, Алтай аудандарын зерттеп қайттық. 27 наурызда Төтенше жағдай министрлігінің бөлімшелері алғашқы саппен сондағы бірнеше елді мекенге жетті. Әсіресе, Алтай ауданының Малеев, Зубов кенттерінде, Көкпекті ауданының Самар ауылында шынымен де тасқын қаупі жоғары. Бұл елді мекендердің бәрі біздің бақылауымызда», - деді водемство өкілі.

Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг барысында БАҚ өкілдері Ақмола облысындағы Қаражар ауылының тұрғындарына шағым түсіп жатқаны туралы сауал қойды.

«Қаражар ауылына келер болсақ, Ақмола облысы бойынша тасқынға қарсы жедел топ құрылған. Өтінім түскен жағдайда осы топ күш жұмылдырады. Жалпы Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдай қызметінің 775 адамы мен 143 техникасы бөлінген. Оның ішінде қайықтар мен су сорғыш техника бар. Қоңырау түскен бойда жедел әрекет етуге дайын. Бұл істе Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы өзара бірлесіп әрекет етуге келісіп отыр», - деді министрлік өкілі.

Еске салсақ, Төтенше жағдай министрлігінің мәліметі бойынша, еліміздегі 171 елді мекенді су басу қаупі сейілмеген. Ал Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серік Қожаниязов жергілікті қызметтер елді мекенге жуық қоймалардан босатылған судың арналарын аршу жұмыстарына мұқият қарау керектігін ескертіп отыр.

 

517 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз